Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінің 10 "Б" сынып оқушыларына 2024 - 2025 оқу жылының аяқталуына орай "Білімім - Отаныма" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: оқушылардың жыл бойына жинаған білімдерін Отанына арнауды қалыптастыру, жас жеткіншектің елінің дамуына үлес қосуға ықпал етуін ұғындыру.

Тәрбие сағатын сынып жетекшісі Г.Байдилдаева жүргізді. Оқу жылын сыныпта

6 оқушы «оқу үздігі», 10 оқушы «оқу екпіндісімен» аяқтады. Жыл бойында пәндік олимпиададан, түрлі бағыттағы байқаулардан, спорт саласынан бірнеше жетістіктерге жеткен оқушылар болды.

Сабақ барысында оқушылар "Сен білесің бе?", "Білгір болсаң, тауып көр", " Артық блмас білгенің", "Кім жылдам?" кезеңдеріне белсене араласты. Жақсы нәтиже көрсетті.

Сынып оқушылары мектеп қабырғасында алған білімдерін өз Отаны Қазақстанның болашағына арнайтындарын айтты.