Тәкей Есетов атындағы
#264 мектеп - лицейінде "Білімім - Отаныма!" тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылған болатын.
Мақсаты - білім алушылардың өз білімдері мен іс - әрекеттерін елдің дамуына,өркендеуіне жұмсау.
Аталмыш іс - шара екі кезеңнен тұрды:
1. Тақырыпқа сәйкес эссе жазу.
2. Сынып сағаттарын өткізу және үздік деп танылған жұмыстарды әлеуметтік желіге жариялау.
Осыған орай,мұндай патриоттық іс - шарадан мектебіміздің бастауыш білім сатысында білім алатын оқушылар да қалыс қалған жоқ.
2 " Ж" сыныбының оқушылары Сәкен Дарын мен Толыбек Дінмұхаммедтің жазбалары көзді сүйсінтіп, жүректі тебірентті.
Жас балдырғандарға шығармашылық табыс тілей отырып, "Әрдайым алда жүрер ұлан болыңдар! Көкте самғар қыран болыңдар!" демекпіз.