Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы 264 мектеп - лицейінің ресурстық орталық мамандары әр аптаның жұма күні “Ата - ана,педагог, бала” қатысуымен бір күндік кеңес айдарын дәстүрлі түрде ұйымдастырды.

Аталған бастама негізінде іс - шара 18 - ші сәуір күні І ауысымда

педагог - логопед:Шакарбану Тортбаева, педагог - ассистент: Майра Куанбаева , педагог - дефектолог :Нұрсәт Төребек мамандарының қатысуымен өткізілді. “Балаңыздың тепе - теңдігі - болашақ қозғалыс сенімділігі” тақырыбында ата - аналарға, үй жағдайында кездесетін тиімді заттар арқылы, баланы қызықтырып дамытуға бағытталған лайфхактар көрсетілді.

Мақсаты: Қимыл - қозғалыс жаттығуы арқылы баланы дамыту жолдарын және көріп қабылдау арқылы қол мен көзді үйлестіру, кеңістікті бағдарлау, зейінін шоғырдандыру, тепе - теңдікті сақтау, бұлшық еттері мен буындарын сезіну және өзіне деген сенімділігін арттыру.

Сонымен қатар жұмыс барысында ата - аналар төмендегі жаттығуларды өз балаларымен бірлесе орындады.

1. Тыныс алу жаттығулары.

2. Эмоцияны шығару, эмоцияны қалпына келтіру жаттығулары.

3. Зейін шоғырландыру.

4. Тепе - теңдікті,бұлшық етті дамыту жаттығулары.

5. Кеңістікті бағдарлау, қол мен көзді үйлестіру жаттығулары.

*іс - шара барысында ата - аналар қызығушылық танытып, белсене қатысты. Қорытындылау кезеңінде “ата - ана, педагог және бала” бірігіп әуенді қимыл - қозғалысқа арналған жаттығуларды орындады. Ата - анаға үй жағдайында баламен жұмыс жасауға тапсырмалар берілді.

Ал аталған күннің ІІ ауысымында

Педагог - дефектолог: Гүлзат Қирабайдың

педагог - логопед: Данара Жаншаеваның

педагог - ассисент: Қаракөз Жүгінісованың қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңесте мамандар ата - аналарға үй жағдайында баланың “сенсорлық жүйесі”, “сенсо - моторлық дамуы”, “перцептивті - моторлы дамуын” дұрыс қалыптастыру бойынша әдіс - тәсілдермен бөлісті.

1 - тапсырма. “Сенсорлық жүйе”

- Тепе - теңдікті сезіну

- Бұлшықеттер мен буындарды сезіну

2 - тапсырма. “Сенсо - моторлық даму”

- Есту, сипап - сезу, көру, дәм сезу, иіскеу

3 - тапсырма. “Перцептивті - моторлы даму”

- Қозғалысты жоспарлау

- Назарын шоғырландыру

- Баланың өзін - өзі басқара алуы үшін жұмыстар көрсетіліп, үйде қайталап жасауға кеңес берілді.

Күтілетін нәтиже: Ата - аналар мен мамандардың және оқушының бірлескен үшжақты байланыс жұмыстары нәтижесінде баланың даму процесіне үлес қосу.

Кеңес соңында ата - аналар өз алғыстарын білдіріп, көптеген тың мәліметтерді көргенін және үйден қайталау жұмыстарын тұрақты жүргізетінін жеткізді. Бұл бастама әр аптаның жұма күні өз жалғасын табатын болады.