Т.Есетов атындағы № 264 мектеп - лицейінің ресурстық орталық мамандары әр аптаның жұма күні "Ата - ана, педагог, бала" қатысуымен бір күндік кеңес айдарын дәстүрлі түрде ұйымдастырады.
Аталған бастама негізінде іс - шара
25 сәуір күні I ауысымда педагог - психолог
Ж. Ысқақова , педагог - ассистент
А. Тұрманова , педагог - ассистент
М. Асанова мамандарымен және ата - аналардың қатысуымен аталған іс - шара ұйымдастырылды.
Бірлескен жұмыс «Қозғалыс - денсаулық кепілі» тақырыбында ата - аналарға, үй жағдайында кездесетін тиімді заттар арқылы баланы қызықтырып дамытуға жаттығулар көрсетілді. Дамытуға арналған "Асық ойыны", "Кеңістікті бағдарлау", "Тыныс алу" жаттығуымен және ұсақ моториканы қалыптастыратын жаттығулар, “көзбен қолды үйлестіру” әдістемелерін пайдалану арқылы бала бойындағы кейбір кемшіліктерді жоюға болатындығы ескерілді.
Педагог - ассистент Р.Даниярқызы, педагог - ассистент А.Саматовна, педагог - ассистент
М. Балшынова мамандарымен және ата - аналардың қатысуымен аталған іс - шара ұйымдастырылды.
Бірлескен жұмыс "Әкем, анам және мен" тақырыбында ата - аналарға үй жағдайында кездесетін тиімді заттар арқылы баланы қызықтырып дамытуға жаттығулар көрсетілді. Дамытуға арналған ойындар:
"Сен сезін - мен табамын", Тактильді жәшікпен жұмыс, "Қайсысы не", "Үстел футболы", "Кубок мұнарасын құлат", "Ауамен стакан көтер" таным, зеиін, логикалық ойлауға қатысты ойындар ойнатылды. Ұсақ қол моториксына арналған үй жағдайында күнделікті жасауға болатын жаттығуларды ата - ана, оқушы бірігіп жасады.
Іс - шара соңында ұсыныс пікірлер айтылып, кері байланыс орнатылды