Т.Есетов атындағы 264 мектеп - лицейінің ресурстық орталық мамандары әр аптаның жұма күні "Ата - ана, педагог, бала" қатысуымен бір күндік кеңес айдарын дәстүрлі түрде ұйымдастырды.
Аталған бастама негізінде іс - шара 2 мамыр күні І ауысымда педагог - логопед Ә. Абдималик, педагог - логопед Д. Жаншаева, педагог - ассистент Н. Шадаева мамандарының қатысуымен өткізілді.
"Гипербелсенділік - зейінді бағыттап, қуатты тиімді жұмсау" тақырыбында ата - аналарға, үй жағдайында кездесетін тиімді заттар арқылы, баланы қызықтырып дамытуға бағытталған әдіс - тәсілдер көрсетілді.
Мақсаты:
- Гипербелсенді балалардың зейінін шоғырландыру дағдыларын дамыту;
- Дыбыстарды естіп, ажырата білу, есте сақтау, және сейлеуде дұрыс қолдану қабілетін жетілдіру;
- Энергияны пайдалы бағыттарға (ойын, қозғалыс, шығармашылық) дұрыс бағыттау;
- Кеңістікті бағдарлау.
Сонымен қатар жұмыс барысында ата - аналар төмендегі жаттығуларды өз балаларымен бірлесе орындады.
1. Зейін шоғырландыру тапсырмалары
2. Фонематикалық есту қабілетіне арналған тапсырмалар.
3. Музыкалық ырғақты жаттығулар.
4. Кеңістікті бағдарлау жаттығулар жұмыстары көрсетіліп, үйде қайталап жасауға кеңес берілді.
Күтілетін нәтиже: Ата - аналар мен мамандардың және оқушының бірлескен үшжақты байланыс жұмыстары нәтижесінде баланың даму процесіне үлес қосу.
Кеңес соңында ата - аналар өз алғыстарын білдіріп, көптеген тың мәліметтерді көргенін және үйден қайталау жұмыстарын тұрақты жүргізетінін жеткізді.
ІІ ауысымда педагог - логопед Ш.Тортбаева , педагог - психолог Ә.Асенова , педагог - ассисент С.Ақназар мамандардың қатысумен ата - ана кеңесі әрі қарай өз жалғасын тапты. Үй жағдайында кездесетін заттардың көмегімен баланы дамытатын жаттығулар көрсетілді.
1. Тыныс алу жаттығулар
2. Зейін тұрақтандыру мақсатындағы тапсырмалар
3. Кеңістікті бағдарлау
4. Қол - саусақ моторикасына байланысты жаттығулар жасалынып, үйде қайталауға кеңес берілді. Кеңес соңында ата - аналар өз алғыстарын айтып, үйде қайталап жасайтындарын анықтап айтты. Бұл бастама әр аптаның жұма күні өз жалғасын табатын болады.