
Т.Есетов атындағы 264 мектеп - лицейінің ресурстық орталық мамандары әр аптаның жұма күні “Ата - ана, педагог, бала” қатысуымен бір күндік кеңес айдарын дәстүрлі түрде ұйымдастырады.

Аталған бастама негізінде алғашқы іс - шара 11 сәуір күні І ауысымда
педагог- психолог Имашева С, педагог - ассистент Ашимова Г, педагог- логопед Аймақова Г мамандарының қатысуымен өткізілді.

“Бірлескен жұмыс - бала болашағының кепілі " тақырыбында ата - аналарға, үй жағдайында кездесетін тиімді заттар арқылы, баланы қызықтырып дамытуға бағытталған лайфхактар көрсетілді.

Мақсаты: Қимыл - қозғалыс жаттығуы арқылы баланы дамыту жолдарын және сырттан келетін ақпаратты дене мүшелері арқылы қабылдап сенсорлы жүйесін жетілдіру, түсінгін қалыптастыру, сөйлеу тілі мен коммуникативті дағдыларын және өзіне деген сенімділігін арттыру.
Сонымен қатар жұмыс барысында ата - аналар төмендегі жаттығуларды өз балаларымен бірлесе орындады.

1. Тыныс алу жаттығулары,нейрожаттығулар.

2. Эмоцияны шығару, эмоцияны қалпына келтіру жаттығулары.

3. Зейін ерекшеліктері,қол - саусақ моторикасын дамыту жаттығулары.

4. Тепе - теңдікті,бұлшық етті дамыту жаттығулары.

5. Коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға арналған топтық ойын - жаттығулар.
Ал ІІ ауысымда

Педагог - психолог:Ә. Асенова, педагог - логопед маманы Абдималик А, педагог - ассисент Ерсейтова И әртүрлі сабақтар, тапсырмалар көрсетті.

1.Түсінік қалыптастыру үшін үлкен - кішіні ажырата білуге,кеңістікті бағдарлау үшін.”Алдында,артында,ортасында үстінде” сөздерін ұғындыруға

2. Зейінін тұрақтандыру мақсатында допты “Құлатпа,теннис ойыны,кубиктерді қайтала атты” жаттығулары

3 . Ұсақ моторикасын, оқушының сөйлеу тілін дамыту үшін жұмыстар көрсетіліп, үйде қайталап жасауға кеңес берілді.
Күтілетін нәтиже: Ата - аналар мен мамандардың және оқушының бірлескен үшжақты байланыс жұмыстары нәтижесінде баланың даму процесіне үлес қосу.

Кеңес соңында ата - аналар өз алғыстарын білдіріп, көптеген тың мәліметтерді көргенін және үйден қайталау жұмыстарын тұрақты жүргізетінін жеткізді. Бұл бастама әр аптаның жұма күні өз жалғасын табатын болады.