Т.Есетов атындағы 264 мектеп - лицейінің ресурстық орталық мамандары әр аптаның жұма күні "Ата - ана, педагог, бала" қатысуымен бір күндік кеңес айдарын дәстүрлі түрде ұйымдастырды.
Аталған бастама негізінде іс - шара 16 мамыр күні І ауысымда педагог - психолог С. Имашева, Ж. Ысқақова, педагог - дефектолог Г. Қирабай және педагог - ассистент М.Куанбаева,
М. Асанова, А. Ибраева мамандарының қатысуымен өткізілді. Кеңес беру барысында ата - аналарға үй жағдайында кездесетін тиімді заттар арқылы, баланы қызықтырып дамытуға бағытталған лайфхактар көрсетілді.
Мақсаты: Қимыл - қозғалыс жаттығуы арқылы баланы дамыту жолдарын және көріп қабылдау арқылы қол мен көзді үйлестіру, кеңістікті бағдарлау, зейінін шоғырдандыру, тепе - теңдікті сақтау және өзіне деген сенімділігін арттыру.
Сонымен қатар жұмыс барысында ата - аналар төмендегі жаттығуларды өз балаларымен бірлесе орындады.
1. Тыныс алу жаттығулары.
2. Эмоцияны шығару, эмоцияны қалпына келтіру жаттығулары.
3. Зейін шоғырландыру.
4. Тепе - теңдікті сақтау.
5. Кеңістікті бағдарлау, қол мен көзді үйлестіру жаттығулары.
Тақырыбы: "Тактилди байланыс"
Тактильді байланыс - бұл адам денесінің жанасу арқылы ақпарат алмасу тәсілі. Бұл байланыс түрінің негізгі.
Мақсаты - эмоцияларды, көңіл - күйді, қолдау мен сенімділік білдіру.
Тақырыбы: Жануарларға су берейік
Шарты : Салфетканы пайдалана отырып,бир ұшына стақанға су құйып және ойыншыкты қойып,2метр аралығында болуы керек,салфетканы орап отырып мәреге жеткізу.
Тақырыбы: Ұяшықтағы дөңгелектер
Мақсаты: Ойын арқылы, баланың ойларын,есте сақтауын,зейінін дамытуға арналған жаттығу ойындары.
Ұсақ моторика
Мақсаты: қол саусақ бұлшық еттерін,түстерді ажырата білуін,ойлау қабілеттерін арттырады.
Шарты: Тұз бен бояуды қолдана отырып гүлдің бетіне желімді жағу арқылы тұз себе отырып үстіне бояуды тамызып әдемі сурет салу.
*Іс - шара барысында ата - аналар қызығушылық танытып, белсене қатысты. Қорытындылау кезеңінде "ата - ана, педагог және бала" бірігіп әуенді қимыл - қозғалысқа арналған жаттығуларды орындады. Ата - анаға үй жағдайында баламен жұмыс жасауға тапсырмалар берілді.