Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

27 қаңтар күні #264 мектеп-лицейінде "Бір кітап - мың идея" тақырыбында 7-11 сынып оқушылары арасында жаңа кітаптарға ашық алаң,таныстырылым өтті.
Мақсаты:
Көркем әдебиет пен заманауи оқулықтарды пайдалана отырып,оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру;
Әдеби шығармаларды терең талдауға,мәтіннен идея,кейіпкер,тақырыпты анықтап,өз ойымен байланыстыра білуді дамыту;
Тарих,әдебиет,информатика және басқа пәндермен байланысын көрсету арқылы білімді пәнаралық тұрғыда кеңейту;
Цифрлық құралдар арқылы оқушылардың шығармашылық,аналитикалық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
Жаңа кітаптармен таныстыру арқылы оқуға қызығушылықты арттыру;
Оқушылар әдеби шығармалардан үзінді оқып,интерактивті презентация арқылы үзінді көрсетіп,мәтіннен басты идеяны,кейіпкерді, оқиға желісін талдады. 
"Егер мен кейіпкер болсам..."рөлдік ойын барысында өз идеяларын визуалды түрде көрсетті.
Бұл шара оқушыларға жақсы әсер қалдырды.Алдағы уақытта осындай шаралар мектебімізде өз жалғасын таба бермек.