Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде 6 - сыныптар арасында «Біз - бір халықпыз , бір елміз!» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды.
Байқау барысында оқушылар бірлікті, достықты, ел тәуелсіздігін сурет арқылы бейнелеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша келесі сыныптар марапатталды:
1 - орын - 6 «Б» сыныбы;
2 - орын - 6 «Г» және 6«О» сыныптары;
3 - орын - 6 «Е» және 6 «В» сыныптары;
Қалған қатысушыларға арнайы Алғыс хат табысталды.
Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық және патриоттық сезімдерін арттыруға зор ықпал етті.