Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2026 жылғы 10 сәуір күні 5 «И» сыныбында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» және «Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері» тақырыптары аясында тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып жетекшісі: Жұмалиева Салтанат.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, оның пайда болу себептері туралы көзқарас қалыптастыру, адалдық пен әділеттілік құндылықтарын дәріптеу және өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп, топтық жұмыстар арқылы түрлі жағдаяттарды талдады. Ұсынылған жағдайларда өз шешімдерін айтып, дұрыс және бұрыс әрекеттерді нақты ажырата білді.
Нәтижесінде оқушылар сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіріп, адалдық, әділеттілік, жауапкершілік ұғымдарын іс-әрекет арқылы көрсетті. Қауіпсіздік бөлімінде ойын алаңындағы ережелерді меңгеріп, қауіпсіз мінез-құлық үлгілерін тәжірибе жүзінде қолдана білді.