2025 жылдың 16 қаңтар күні «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында
5-9 сыныптар арасында сурет салу байқауы өткізілді.
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың ел дамуына кері әсер ететінін оқушылар санасына сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның зиянын насихаттау.
Байқаудың әділ шешімін шығарып, баға беруге әділқазылар алқасы құрылды.
Мүшелері: Назарбаев зияткерлік мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Елманов Батырхан, тарих пәнінің мұғалімі Акпанов Канат және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Киымов Габдул
Байқаудың қорытындысы бойынша:
9 «Е» сынып оқушысы Серікбай Жансая – I орын
5 «Б» сынып оқушысы Мұратбек Халида – II орын
7 «М» сынып оқушысы Қуаныш Айғаным – II орын
5 «К» сынып оқушысы Әсембеков Нұртілек – III орын
5 «О» сынып оқушысы Рафаэль Жансая – III орын
Байқауға қатысушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Білім алушылар жемқорлық індет екенін, еліміздің ұлттық мүддесіне қауіп төндіретінін сурет арқылы көрсетті.