Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде 11 қазан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Қиымов пен мектеп психологтары Р. Абдукаримова, А. Жақсыбаева «Буллингсіз өмір» жобасы аясында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне мектебіміздің дәлізінде «Komek Stop Bullying» жобасының QR - коды орналастырылғаны хабарланды.

«Komek Stop Bullying» арқылы оқушы жасырын, еркін түрде буллингке байланысты өз эмоциясын, қорқынышын айта алады.

«Komek Stop Bullying» мақсаты - жасөспірімдердің арасындағы зорлық - зомбылықтың алдын - алу, оларға эмоциональдық, психологиялық қолдау көрсету.

Телефон камерасы арқылы QR - кодты сканерлеп, сілтеме арқылы өтіп, өзіңді алаңдататын мәселелерді еркін әрі жасырын түрде жеткізе алатын және сол мезетте сенің өтінішің психологтың, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп инспекторларының мессенджерларына жететіні айтылды.