Былтыр Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күні туралы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде кітап оқудың маңызын ерекше атап өткен болатын.
«Кітапқұмарлық - өте жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз де осы тәжірибені қолдануымыз керек. Ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз қажет. Сонда ғана жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», - деді Қасым - Жомарт Тоқаев.
Осы орайда бүгін еліміздің барлық аймағында атаулы күнге орай түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, Т.Есетов атындағы № 264 мектеп - лицейінің оқушылары облыстық "Ұстаз мәртебесі" газеті және республикалық “Әлімсақ” танымдық журналының тілшісі, бірнеше жыр мүшәйралардың жеңімпазы Санақұл Бексұлтан Бағдатұлымен кездесті.
Шарада оқушылар ақынға көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Өз кезегінде Б.Бағдатұлы ақындыққа қабілеті бар және журналистикаға бейім балаларға өзінің шығармащылығын таныстырып, әсем жырларын оқыды. Жиын соңында кештің қадірлі қонағы мектеп ұжымына және оқушыларға өзінің тырнақалды тұңғыш кітабын сыйға тартты.