«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 6 «В» сыныбында «Дәндерді тастама – табиғатқа мүмкіндік бер» экологиялық акциясы бойынша жеміс-жидек дақылдарының дәндерін жинауды үйрену сағаты өтті.
Оқушылар жеміс-жидек дәндерін жинау, сұрыптау және сақтау жолдарымен танысты. Жиналған дәндерді кейін отырғызып, көшет өсіруге болатынын білді. Осындай қарапайым әрекет табиғатқа жанашырлықпен қарауға, жасыл желекті көбейтуге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
Әрбір сақталған дән – болашақта өсіп шығатын ағаштың бастауы. Табиғатқа мүмкіндік берейік!
#ДәндердіТастама #ТабиғатқаМүмкіндікБер #ТазаҚазақстан #ЭкологиялықАкция #6Всыныбы