28 ақпан күні Т. Есетов атындағы
№264 мектеп - лицей бойынша бастауыш сынып білім алушылар арасында тиімді тамақтануды ұйымдастыру мақсатында «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» тақырыбында 4 «Б» сынып білім алушыларымен сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты
• Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.
• Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
• Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.
Білім алушыларға қазіргі таңда дүкен сөрелерінде үзілместен үлкен сұранысқа ие болып отырған фаст - фуд өнімдері, газдалған сусындар, жартылай дайын өнімдердің адам ағзасына келтіретін зиянды жақтарын түсіндіріп, олардың орнын а ағзаға пайдалы дәруменге бай тағамдармен алмастыру керек екендігін ұғындырды.
Білім алушыларға жалпы тамақтанудың негізгі ережесін және дұрыс тамақтанудың алғышарттары сабақ барысында айтылды.
«Тамақтану тәртібі дегеніміз - ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді» деген пікірмен және https://wordwall әдісі арқылы пайдалы және зиянды тамақтар жөнінде ойын ойната отырып қорытындылады.
Әлеуметтік педагог М.Абдуллаева