18 сәуір күні Т.Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінде 10 - сынып ер балаларына арналған жиын өткізілді. Жиында әдістемелік нұсқаулыққа және жоспарға сәйкес, 2025 жылдың 21 - 25 сәуір аралығында 10 сынып ер балаларымен 30 сағат көлемінде бес күндік далалық оқу - жиыны өткізілетіні хабарланды.
10 - сынып ер балаларымен 5 күндік оқу дала жиынын оқыту №264 мектеп - лицейінің АӘТД оқытушы - ұйымдастырушысы лейтенант С.А.Абдигапбаров, дене шынықтыру АӘТД пән мұғалімі Н.Әлтаевтар жүргізілетіні айтылды.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, өмір қауіпсіздігіне жауапты мектеп - лицей медбикесі Жарылқасынова Әсел, инспектор Жубатов Берекет, АӘТД оқытушы - ұйымдастырушысы лейтенант С.А.Абдигапбаров, дене шынықтыру және АӘТД пән мұғалімі Н.Әлтаев пен А.Көшекбаевқа жүктелді.
Өз кезегінде ер балалар оқу - дала жиынына дайын екенін айтып, себепсіз қалмауға, уақытылы қатысуға уәде берді.