21 сәуір күні Т.Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінде далалық оқу - жаттығу жиынының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиында оқушылар сапқа тұрғызылып, дайындығы хабарланды.
Жиын ҚР Әнұранымен басталды.
Салтанатты жиынды мектеп басшысы
Бек Сұлтанбекұлы ашып,ер балаларға сәттілік пен абырой тіледі.
10 - сынып ер балаларымен 5 күндік оқу дала жиынын оқыту №264 мектеп - лицейінің АӘТД оқытушы - ұйымдастырушысы лейтенант С.А.Абдигапбаров, дене шынықтыру АӘТД пән мұғалімі Н.Әлтаевтар жүргізілетіні айтылды.
Жыл сайын сәуір айында өткізілетін бұл жаттығу - оқушыларды шыңдап, Отан алдындағы борышын сезінуге, азаматтық парызын ақтайтын адал азамат болуға дайындайды. Біз де өз кезегімізде жас сайыпқырандарымызға сәттілік тілейміз!