Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің облыстық ресурстық орталық маманы (Педагог-ассистент) Қыдырбай Нұртөре. "Дауысты және дауыссыз дыбыстар" тақырыбында түзете- дамыту сабағы өткізілді.
 Сабақтың мақсаты:
Оқушыға дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру, олардың айырмашылығын ажырата білуге үйрету және сөздердегі дыбыстарды дұрыс анықтау дағдысын қалыптастыру.
 Көрнекілігі: интерактивті тақта, "learningApps" платформасы.
 "Дыбысты дұрыс орналастыр"
Мақсаты: Интерактивті тақтада әріптерді дұрыс тауып орналастырады. Оқушы тақтаға шығып, берілген әріптерді дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екі топқа бөледі. Әріпті дұрыс топқа апарып орналастырады.
"Кемпірқосақты пазл”.
Мақсаты: Тақтада берілген әріптерді нұсқау бойынша дұрыс тауып, кемпірқосақ суретін құрастырады.
 "Дыбыстан басталатын затты тап"
Мақсаты: Оқушының дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдысын қалыптастыру. Суреттер арқылы заттардың атауын айтып, олардың қай дыбыстан басталатынын анықтауға үйрету, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтиже: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.
Әріптерді танып, олардың қай дыбысқа жататынын анықтайды.
Суретке қарап сөздің атауын айтып, оның қай дыбыстан басталатынын айта алады.
Ойын және тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау және сөйлеу қабілетін дамытады.
Мұғалімнің көмегімен тапсырмаларды орындауға және жауап беруге дағдыланады.