Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің Обылыстық ресурстық орталығының педагог-логопед маманы Тортбаева Шакарбанудың «Домбыраның үнімен,сылдырмақтың сылдырымен» тақырыбында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыға жеке дамыту сабақтары.
Орталығымыздағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларымыз,мектеп ішілік қосымша білім беру орталығындағы домбыра үйірмесіне қызығушылықтары артып,белсене қатысады.Домбыра үйірмесіне қатыса отырып,оқушының сылдырмақтың дыбысын тыңдау арқылы,домбыраның ырғағын сезіне білу қабілеті артады.Қарапайым ырғақты тыңдап,қайталап үйренеді.Домбыра қағысының бастапқы элементтерін ,дұрыс ұстауды меңгереді.Музыкалық есту қабілеті жетіледі.Ұсақ және жалпы моторикасы ,зейіні, есту қабілеті дамиды.Қол- көз координациясы қалыптастырылады.Музыка арқылы эмоцоналдық тұрақтылық пен сенімділік қалыптасады.
Мақсаты:Есту арқылы қабылдау қабілетін дамыту,музыкалық естуін және ырғақ сезімін жетілдіру,зейін тұрақтылығын арттыру,есте сақтау қабілетін дамыту,сенсорлық интеграцияны жетілдіру,қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру.Ұлттық музыкаға қызығушылығын қалыптастыру.Домбыра аспабына құрмет сезімін дамыту.Күтілетін нәтиже:
Сылдырмақ пен домбыра дыбысын ажыратады;
Қарапайым ырғақты тыңдап қайталайды;
Домбыраны дұрыс ұстауға талпынады;
Музыкалық тапсырмаларға қызығушылық танытады;
Есту зейіні мен моторикасы жақсарады;
Қарапайым музыкалық әрекетке қатыса алады;
Музыка арқылы жағымды эмоция алады.