Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

✅ Т. Есетов атындағы №264  мектеп-лицейiнің ресурстық орталық маманы (педагог-ассистент) Куанбаева Майра  "Домино" әдісі тақырыбында кіші топтық жұмыс жүргізді.
✅  Сабақтың мақсаты: “Домино” әдісі арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, математикалық түсініктерін қалыптастыру, түрлі-түсті көрнекіліктер арқылы оқуға қызығушылығын арттыру.
✅ Топтық жұмыстың барысы.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушының көңiл күйiн сұрау.
3. Жаңа сабаққа назарын аудару, түсiндiру, көрсету.
✅ Жаңа сабақ.
1. “Математикалық домино” әдісі. Бұл әдіс оқушылардың математика пәніне қызығушылығы мен ынтасын арттырады және амалдарды орындап, сандарды салыстырады.
✅”Түрлі-түсті тастар” доминосы түс реңктерін ерікті түрде ажыратуға, есте сақтауға бағытталған және оқушының қол-саусақ моторикасын дамытады.
✅”Шатасқан әріптер” доминосы арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеті дами отыра, әріптен сөз құрауға үйренеді. 
✅”Ертегі” доминосы балалардың сөздік қоры мен байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға бағытталған. Бұл ойын арқылы оқушының қиялы мен шығармашылық қабілеті дамиды.
✅”Асық” доминосы балалардың түс-реңктерін ажыратуға және қол-саусақ моторикасын дамытуға арналған ойын және ойын барысында оқушыларға ұлттық құндылықтар мен ойын түрлерін дәріптеу.
✅Оқушылар топпен жұмыс жасап, бір-біріне қолдау көрсете білді.