ДОСБОЛLIKE – Буллингтен қорған!
Қазіргі таңда оқушылар арасындағы буллинг, бір-біріне дөрекі қарым-қатынас жасау және қауіп төнген жағдайда қайда жүгінерін білмеу – өзекті мәселе. Осыған байланысты 5 «И» сыныбында «ДОСБОЛLIKE – Буллингтен қорған!» тақырыбында сынып сағаты және «Қазақстандағы сенім телефондары мен шұғыл қызметтердің нөмірлері» атты қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға әдепті қарым-қатынас мәдениетін үйрету, сыйластық пен жауапкершілікке баулу, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде шұғыл қызметтерге дұрыс хабарласу дағдыларын қалыптастыру.
Қауіпсіздік сабағында 101, 102, 103, 104, 111, 112 нөмірлерінің маңызы түсіндіріліп, диспетчерге хабарласу кезінде қажетті ақпаратты нақты әрі дұрыс айту жолдары талқыланды.
Нәтижесінде оқушылар жағымды және жағымсыз мінез-құлықты ажыратып, кикілжіңді дұрыс шешу жолдарын меңгерді. Сонымен қатар өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау керектігін түсінді.
Әдепті қарым-қатынас пен қауіпсіздік – әр баланың қорған