#264 мектеп-лицейінің 2025 жылдың 02 маусым күні "Жаз самалы" сауықтыру лагерінің "Байтерек", тобына "ДосболLike"-буллингтің/әлімжеттіктің алдын алу және тиімді әрекет ету үшін жағдай жасау бойынша "Қолдаушы дос" атты тренингін А.Жаксыбаева өткізді.
Тренинг мақсаты: Буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, оқушылардың эмоционалдық интеллектісін, эмпатиясын дамыту, қауіпсіз, достық орта қалыптастыру, әр бала жазғы сауықтыру лагерь ішінде өзін "қолдаушы дос" етіп таңдайды және ол туралы шағын сурет салады, оқушылар бір-бірін құрметтеуге, қолдауға үйрету. Іс-шараға сәйкес оқушылар шағын сурет жасауға қажетті құралдарын қолдарына алып қиялға ерік берді.
Жұмыс соңында оқушылар жоғары көңіл-күйде болып, "Достық" сөзінің мәнін түсінді. Бір-біріне деген сенімділігі ашыла бастады, ұйымшылдық қабілеттің қандай екенін түсінді.