Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің жанындағы "Жаз самалы" күндізгі тынығу лагерінде оқушылар қызыққа толы күндерін өткізуде.
04 маусым 2025 жылы Экологтар күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында барлық лагер қатысушылары үшін таза ауада Ботаникалық баққа экскурсиялар ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары ағаш отырғызу өзен-көлдерді тазарту, қалдықтарды жою – бұл тек тазалық шаралары ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениеттің, туған жерге жанашырлықтың айғағы. Экологияға бейжай қарамау – тек мамандардың емес, барша азаматтардың парызы.