«Дарын» республикалық пәндік олимпиадасының қалалық кезеңінде 5-6 сыныптар арасында өткізілген «Менің қолымнан бәрі келеді» ерекше балаларға арналған олимпиадада 5 «Б» сынып оқушысы Ерболат Жанболат (жетекшісі Орынтай Гүлзат) қазақ тілі мен математика пәні бойынша тест тапсырып, жүлделі 1-орын иеленді! Жас дарын өз білімін дәлелдеп, облыстық кезеңге жолдама алған болатын.
13 қараша күні өткізілген олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі 3-орын алды!
Жүзден жүйрік шыққан жүлдегеріміз бен жетекшісі Г. Орынтайды ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз!