Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін мектебімізде облыстық ресурстық орталықтың құрылғанына 10 жыл толғанына орай ұйымдастырылған “Ерекше бала - болашақ дана” тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты кеште ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мамандардың әсем әні шырқалып, ой сергіту мақсатында қызықты ойындар ойнатылып, тәттілер үлестірілді. Оқушылар мен қонақтардың жаңа аптадағы алғашқы күнінің көңіл - күйін көтеру үшін аю мен қонжықтарымыз да келді. 
Ашылу салтанатында мектеп - лицей директоры Бек Сұлтанбекұлы мерекекелік құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар мен мамандарымызға толағай табыс тіледі.
Сондай - ақ мерекелік апталықтың алғашқы іс - шарасы педагог - дефектологтардың ұйымдастыруымен “Ped ring” интеллектуалды сайысы өткізілді.
Сайыста әр бірлестікткен 2 адам, барлығы 20 мұғалім бақ сынады. Логикалық ойлауын, жылдамдығын, креативті ұтымды жауап беру қасиетін дамыта отырып, білімді де білгір мамандарды әділ қазылардың, көрермендердің шешімімен анықталды.
 Қортындысында жүлделі қос
І орын - Математика және Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестіктеріне берілсе;
ІІ орын - Шет тілі бірлестігі;
ІІІ орын - Орыс тілі бірлестігі ие болды. 
Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Қатысып, ат салысқан барлық ұстаздарымызға мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен қойын дәптерлер үлестірілді.