Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған практикалық тапсырмаларды құрастыру тақырыбында көшпелі тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.
Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған практикалық тапсырмаларды құрастыру" тақырыбында көшпелі тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.
Бір күндік сабақ көрсету кезеңінде төменде көрсетілген мұғалімдер оқушылармен өз іс-тәжірибелерін бөлісті.
- Педагог-психолог: Ысқақова Жадыра "Баланың сенсорлық сезімдерін дамытудың әдіс-тәсілдері";
- Педагог-ассистент: Ашимова Гүлбану "Түстер әлемі";
- Педагог-дефектолог: Орынтай Гүлзат "Интерактивті Виэль үстелі арқылы, электронды платформалармен ойындар құрастыру";
- Педагог-логопед: Тортбаева Шакарбану "Заманауи технологиялық ақпарат арқылы оқушының сөйлеу тілін дамытуда қолданылатын компоненттер";
- Тарих пәнінің мұғалімі: Ысқақ Гүлзат "Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы";
- Бастауыш сынып мұғалімі: Шакиева Салтанат "Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша бөлу";
- Педагог-психолог: Сапарымбетова Ақмарал "Ойын-жаттығулар арқылы баланың есте сақтау қабілетін арттыру";
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Балмағанбетова Айжан "Дулат Бабатайұлы, О Ақтан жас, Ақтан жас" өлеңі тақырыптарында өткізді.
Тәжірибе соңында келген қонақтармен пікір алмасып, жеке ойлары тыңдалды. "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтының арнайы Алғыс хатымен сабақ көрсеткен мұғалімдеріміз марапатталды.