Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде инклюзивті білімді дамыту мен жұмыс жүргізетін облыстық ресурстық орталықтың құрылғанына 10 жыл толуына орай 2024 жылдың 10 желтоқсан күні «Ерекше білім беру – заман талабы» тақырыбында І- ІІ ауысым бойынша ашық сабақтар шеруі өткізілді. Бір күндік пәнаралық ашық сабақ шеруі кезеңінде төмендегі пән мұғалімдері түрлі тақырыпта сабақтар көрсетті.

  • География пән мұғалімі: Жантуғанова Г “Көлдер мен мұздықтар” 
  • Бастауыш пән мұғалімі: Мажит С “ Бас қатырғыштар мен ребустар”; 
  • Информатика пән мұғалімі: Кызылбаева С (робототехника) “Кегельринг ”;
  • Педагог ассистент: Дастанбекова Ә “Ұлттық ойындар”; 
  • Педагог ассистент: Ерсейтова И “Жыл мезгілдері ” 
  • Шахмат үйірмесі: Сүйіндіков М“ Фигуралардың жүру жолдары” 
  • Қосымша білім беру орталығы: Сурет, би, хор, домбыра, күрес үйірмелеріне шолу 
  • Бастауыш пән мұғалімі: Дәужанова Л “ 10- ға, 100- ге көбейту және бөлу”;
  • Ағылшын пән мұғалімі: Зейнел А “ Use of English Subject/ object pronouns ”
  • Жаратылыстану пән мұғалімі: Әмірханова Ұлболсын “ Қазақстанның жер қойнауы байлықтары”;
  • Информатика пән мұғалімі: Берсүгіров А (робототехника) “Кегельринг ”;
  • Орыс тілі пән мұғалімі: Мұсабекқызы Ғ “Дружба- богатства бесценное. Морфемный разбор слова”;
  • Тоғызқұмалақ үйірмесі: Сералиев Р “Тектұрмас бастамасы ” ;
  • Педагог ассистент: Омарова Р “1-10- ға дейінгі сандарды қосу мен азайту. 3-5 сандарының құрамымен таныстыру”;
  • Педагог ассистент: Дербисали Қ “1-10 –ға дейінгі сандарға амалдар қолдану арқылы есептер шығару”
    Педагог - асисстент: Аймақова Г “ Электронды платформалар арқылы арифметикалық амалдарды есептеу”

Психологтар: Имашева С, Асенова А, Ысқақова Ж, Сапарымбетова А Қуыршақ театры “ Қоянның туған күні”
Ашық сабақтар барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша түрлі - әдіс тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, заманауи платформалармен жұмыс жасады.
Ата - аналар мектеп жанынан құрылған "Қосымша білім беру" орталығын аралап, тыныс тіршілігімен танысты. Ондағы ән, сурет, домбыра, күрес үйірмелерінің жұмыс барысын тамашалап, өз ризашылықтарын білдірді. Пәнаралық байланыстың құралы бола білген тоғызқұмалақ, шахмат сынды ми дамытатын ойын түрлерінің жұмыс реттілігін білу ата аналардың қызығушылығын оятты.
Келесі кезеңде педагог психологтар мен педагог ассистенттердің ұйымдастыруымен болған қуыршақ театрының қойылымын тамашалады.
Шеру соңында ата аналар бүгінгі жасалған іс шаралар мен ашық сабақтардың көңілдерінен шыққандығын айта келе, алдағы уақытқа орталық жұмысына сәттілік тілеп, ұстаздар мен орталық ұжымына алғыстарын білдірді.