Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

“ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН” МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!#bilimkzo #264мектеп_лицейі #ерекше_білім_беру #ресурстық_орталық Ерекше білім беруді қажет ететін баланы бүгінгі қоғамға дайындау, оны еңбекке, мамандыққа бейімдеу - әрбір мұғалімнің алдында тұрған басты міндет. Осы міндетті мүлтіксіз орындап келе жатқан бірден бір орталық бар. Ол - Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің жанынан құрылған Облыстық ресурстық орталық. Орталық мамандары - нағыз өз ісінің майталмандары. Әрбір ата-ананың үміт еткен көзінің нұрына зор қамқорлықпен қарап, мұғалімдік міндетті мол мейіріммен орындап жүрген жандарға алғысымыз шексіз. Осындай ұлағатты ұстаздардың басын қосып, бір үйдің адамындай ұйытқысы болып отырған орталық ұйымдастырушысы Салтанат Есқарақызы бүгінгі мерейлі мерекеде “ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН” медалімен марапатталды! Арнайы марапатты мерекелік салтанатты жиында облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы табыстап, ұстаздардың еңбегіне мол табыс пен отбасына амандық тіледі. Құрметті Салтанат Есқарақызы! Сізді бүгінгі үлкен жетістігіңіз - “Ерен еңбегі үшін” медалін алуыңызбен құттықтаймыз! Әрқашан ата-аналардың алғысына бөленіп, құрметті болыңыз. Ұстаздық жолындағы шығармашылық шабытыңыз шарықтай берсін!