Еркін күрестен жүлделі орын!
2025 жылдың 20–21 қараша күндері еркін күрестен 2013–2015 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында өткен №1 ОРМБЖМ-нің ашық біріншілігіне мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығының еркін күрес үйірмесінің мүшесі, 5 “М” сынып оқушысы Бегім Бекасыл қатысып, ІІІ орын иеленді.
Жас спортшының осы жетістігі – оның табанды еңбегінің, жаттығудағы ынтасының және ұстазы Мұрат Құдайберген Мұратұлының жүйелі дайындық жұмысының жемісі.
Бүгін жүлдегер оқушымызды мектеп-лицей директоры қабылдап, жеңісімен арнайы құттықтады.
Жеңісің құтты болсын, жас спортшы!
