2024 - 2025 оқу жылындағы 9 «Ж» сынып жетекшісі Құттыбаева Сапаркүл және сынып оқушылары ұйымдастыруымен « Есірткі ғасыр дерті » тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатына информатика пәні мұғалімі Әсемхан Аида қатысты. Тәрбие сағатына 24 оқушы қатысты.
Мақсаты:
1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге атсалысуға тәрбиелеу
3. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қортындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.
Сынып жетекші ғасыр дерті туралы мағлұматтар беріп, слайд көрсетті. Тәрбие сағаты үш бөлімнен тұрды бірінші бөлімінде оқушыларға слайд көрсетіліп, сынып оқушылары Мирас, Айбын, Аружан, Шадияр, Жансезім өз ойларын жеткізіп, қалған оқушылар тың ақпараттармен бөлісті. Екінші бөлімінде есірткіге байланысты мақал - мәтел жарысы өтті. Үшінші бөлімінде тақырыпқа сай сынып оқушылары сурет салып постер қорғады.
Сынып белсендісі Азат Айбын оқушыларға есірткі зияндылығы жөнінде мәлімет беріп, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға насихаттауға, есірткі туралы білімдерін кеңейтуге сыныпты шақырды. Сыныптың оқушылары түгел келісті.