2025 жыл 28 қаңтар күні «Есірткіге жол жоқ!» челленджі бойынша оқушылармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде :
1. Н.А.Дуйсебекова, Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Есірткі - ғасыр дерті» тақырыбында баяндама ;
2. Г.К.Киымов, Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Нашақорлықтың кесірі»тақырыбында әлеуметтік видеоролик ;
3. «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің инспекторы, полиция капитаны А.Б.Саламатов түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында нашақорлық деген тек есірткіге еліктірілген кәмелетке толмаған балалардың ғана проблемасы емес, ол балалары есірткіге әуестенген отбасының проблемасы. Бұндай жағдайда олар көбінше жалғыз қалады. Сонымен бірге «сәтсіз отбасылар» одан бетер ішімдікке, нашақорлыққа салынады; дау жанжалы көп отбасы бұл проблеманы шешуге ауық - ауыққана қатысып, барлық ауыртпашылықты дәрігерлерге, полицияға, мұғалімдерге жүктейді. Салауатты отбасы бұл қорқынышты жағдайда балаларының мақсат мүдделерін құрбылары мен достарына қарсы қойып, олармен араласуға тыйым салады, бірақ бұл оның есірткімен «тәжірибе» жасауына, немесе нашақорлыққа шалынуына, шындығында ешқандай кедергі жасамайды. Отбасында өзара түсінік, сыйластық, имандылық қасиеттері қалыптасқан жағдайда жасөспірімдерде бұндай жағымсыз әрекеттерге баруға жол берілмейтіні айтылды.
Тақырыпты тереңірек ашу үшін видео ролик көрсетілді.
Оқушылар есірткінің адам ағзасына зиян екенін, соңы өлімге әкелетінін ұғынды.