Бүгінгі күні нашақорлықтың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық - зомбылық жасауға соқтыруда.
Мектебімізде 8 - сыныптар арасында өткен «Есірткіге жол жоқ!» байқауы оқушыларымызды салауатты өмір салтын сақтауға, кез - келген жаман әдеттен саналы түрде бас тартуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байқауға қатысушы 8 - сыныптар жеребе бойынша анықталған реттілікпен сахнаға шақырылды. Сыныптар өздері дайындаған қойылымдарын көрсетті.
Сахналық қойылымдардан оқушылар жақсы ой түйіп, нашақорлықтың аса қауіпті екенін ұғынды.