Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

11/10/2024 күні Т.Есетов атындағы
№ 264 мектеп-лицейінде «Ғаламтор – заман талабы, ал кітап біздің рухани байлығымыз» атты дөңгелек үстел 10-сынып оқушылары арасында өткізілді. 


Дөңгелек үстелдің мақсаты: рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып, үлгі - өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына - кітап әлеміне шолу жасау, ғаламтордың зиянды тұстары мен кітаптың пайдалы жақтарын түсіндіру, кітап әлемі - адамды арман биігіне самғатып, ақыл - ой сұлулық әлемін шарлатып, білім - ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыту, кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу. 


Аталған шара барысында оқушыларға интербелсенді тақтадан кітаптың пайдалы тұстары мен кітап оқудың артықшылықтарын түсіндіре отырып, кітап оқудың 7 пайдалы түріне талдау жасалынды.  Оқушылар да өз оқыған кітаптарын, кітап оқығаннан кейін қандай сезімде болғанын, қандай тың, жаңа, пайдалы ақпарат алғандарын ортаға салып, ой бөлісті. Күнделікті өмірде ғаламторды қаншалықты пайдаланатынын және ғаламтордағы сайттардан қандай пайдалы немесе зиянды ақпарат алатынын талқылай келе, кітап оқудың тиімді екеніне көз жеткізді.

Шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.Байдилдаева, Г.Жаңабаева, К.Нурдавлатовалар қатысып, кітап оқудың алғы шарттары мен пайдалы тұстарына тоқталды. Бүгінгі ұрпақты кітап оқуға шақыра отырып, оқушылардың таным-мақсатын айқындайтын, болашақта пайдалы мамандықтар таңдауына көмек болатын бірнеше пайдалы кітаптардың тізімін ұсынды.