Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10 сәуір күні Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 12 сәуір — Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай 8-сынып оқушылары арасында «Ғарыш әлеміне саяхат» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың астрономия, физика және заманауи технологияларға деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы «Дайындық кезеңінде» оқушылардың теориялық білімдері тексерілді. Келесі «Ұшыру (старт)» кезеңінде жылдамдық пен зеректік сынға түсті. «Ғарыштағы жұмыс» кезеңінде қатысушылар практикалық және логикалық тапсырмаларды орындады. Соңғы «Жерге оралу» кезеңінде шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сайыс барысында оқушылар жоғары белсенділік танытып, өз білімдері мен дағдыларын көрсете білді. «Ғарыштағы жұмыс» кезеңінде күрделі логикалық тапсырмаларды сәтті орындап, төзімділік пен тапқырлықтарын дәлелдеді. Бұл олардың заманауи технологиялар мен физика заңдарын тәжірибеде меңгергенін айқындады.
Нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
I орын – 8 «Н» сыныбы
II орын – 8 «А» және 8 «Е» сыныптары
III орын – 8 «Ж» және 8 «И» сыныптары
Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Сайыс оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашаққа сеніммен қадам жасауына ықпал етті. Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!