Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2026 жылдың 10 сәуір күні Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 12 сәуір — Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай 9-сынып оқушылары арасында «Ғарыш және Болашақ» тақырыбында бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты — адамзаттың арман-қиялы мен заманауи технология мүмкіндіктерін ұштастыра отырып, жарқын болашақтың көркем әрі мазмұнды визуалды бейнесін жасау.
Байқау барысында оқушылар ғарыш кеңістігін игеру, беймәлім ортаға бейімделу мүмкіндіктері және озық технологиялардың күнделікті өмірмен үйлесімі туралы тың идеяларын ұсынды. Әрбір бейнеролик мазмұнының тереңдігімен, шығармашылық көзқарасымен және заманауи форматта жеткізілуімен ерекшеленді.
Нәтижесінде үздіктер анықталды: 
I орын — 9 «Г» сынып оқушысы Нұрқасымқызы Ақбота
II орын — 9 «Б» сынып оқушысы Қалданова Инабат
III орын — 9 «В» сынып оқушысы Есенбаева Дильназ
9 «К» және «Ә» сынып оқушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!