10 сәуір күні Ғарышкерлер күніне орай Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 7-сынып оқушылары арасында «Батпырауықтар ұшыру» атты ерекше сайыс өтті.
Көк жүзін түрлі түсті батпырауықтар көмкеріп, оқушылардың қиялы мен шеберлігі тамаша үйлесім тапты. Бұл шара тек ойын емес, шығармашылықтың, ептілік пен ынтымақтастықтың жарқын көрінісіне айналды.
Үздіктер түрлі номинациялар бойынша марапатталды:
«Аспан тұлпары»;
«Зеңгір көктің серісі»;
«Еркін аспан самғаушысы»;
«Үздік аэродизайн»;
«Үздік ұшырушы-бапкер»;
«Ең әдемі батпырауық»;
«Ең биікке самғаушы»;
«Метеорит қарқыны»;
«Еркіндік символы».
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен шығармашылығы үшін алғыс білдіреміз!
