Т.Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінде 2025 жылдың 24 - ақпанында "Ғажайып әлем" атты әлеуметтік - психологиялық апталығы басталды.
Апталықтың мақсаты: Мұғаліммен оқушылардың қарым - қатынасын нығайту, өзара жағымды қарым - қатынас жасауға дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ақыл - ойын дамыту, ортада өзін еркін ұстауға және өз ойын еркін жеткізуге үйрету.
Мектеп психологтері таңертеңгі көтеріңкі көңіл - күймен, ыстық лебіздерімен ұстаздар мен оқушыларды қарсы алды.
Бірінші және екінші ауысымның үлкен үзілісінде оқушылармен көңілді үзіліс, сергіту жаттығулары жүргізілді. Ұстаздар мен оқушылар ерекше сезімге бөленіп, жылы лебіздерін білдірді