Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейiнің ресурстық орталық маманы (педагог - ассистент) Асанова Мөлдір
Сабақтың тақырыбы: "Геометриялық фигуралар" тақырыбында жұмыс жүргізді.
Сабақтың мақсаты: Бала геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйренеді.
Дамытушылық: Есту және көруін, логикалық ойлауын дамыту;
Әдіс - тәсілдер, технология: Көрнекілік әдісі, сөздік әдісі, сұрақ - жауап әдісі,
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: Геометриялық пішіндер туралы әңгімелеу
Технологиялық қамтамасыз ету: Пішіндердің суреті, ақылды айна, мульттоптама, 3 д голограмма.
Жеке жұмыстың барысы.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушының көңiл күйiн сұрау.
3. Жаңа сабаққа назарын аудару, түсiндiру, көрсету.
Жаңа сабақ.
1-тапсырма. Пішіндерді ата?
Шаршы, шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш туралы геометриялық пішіндермен баланы таныстыру. Геометриялық пішіндерге сипаттама беру.
2 - тапсырма. Қай пішінге ұқсайды?
Суретте не көріп тұрсың? Бұл біздің күнделікті өмірде пайдаланатын заттар екен. Ендеше бұл заттарды ұқсайтын пішіндермен косайық.
үшбұрыш үтік
шеңбер алма
төртбұрыш - теледидар
3-тапсырма.
«Пішіндерден әр түрлі заттарды құрастыру»
Баланың қолына геометриялық пішіндерді таратып беріп әр түрлі заттар құрастырту.
Мысалы: Үй, мәшине.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Геометриялық пішіндерді дұрыс атауды
Нені игерді: Геометриялық пішіндердің орналасуын өз бетінше ажыратуды
Нені білді: Геометриялық пішіндерге ұксас заттарды дұрыс атауды.