Т.Есетов атындағы #264 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырған
" Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл “ толуына орай мәнерлеп оқу сайысы
17.01.2025 ж күні 4 сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты:қазақ әдебиетінің жұлдызы талантты ақын Ілияс Жансүгіров ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
Сайыстың нәтижесінде мәнерлеп оқу талаптарын ойдағыдай талапқа сай орындағаны үшін төмендегі оқушылар жүлделі орынмен марапатталды.
Сайысқа 15 оқушы қатысты. Сайыс өз деңгейінде өткізілді. Әділқазылар бағалап, оқушыларды марапаттады.
Бас жүлде - Жаңабай Амира
I орын - 4 "М" сынып оқушысы Калменова Адина
II орын - 4"О" сынып оқушысы Ғалымбек Айару
II орын - 4"О" сынып оқушысы Ақперген Нұрсая
III орын - 4"Ж" сынып оқушысы Мұсаханов Нұрдәулет
III орын - 4"Ж" сынып оқушысы Жаңабай Амира