Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде 
16 қазан күні жасөспірім балалардың арасында ақша бопсалау, әлімжеттік көрсету әрекеттерінің алдын алу, болдырмау үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ бастығының орынасары полиция майоры Естаев Жандос, Қызылорда ҚПБ ЖПҚБ ЮПб аға учаскелік инспекторы полиция майоры Жүсіпбеков Саламат, ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция лейтенанты Жубатов Берекет, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н. Асылханқызы, Ғ. Қиымов және мектеп оқушылары, сынып жетекшілерімен кездесу жүргізілді.

Оқушыларға қазіргі таңда белең алып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен қылмысты болдырмау, алдын алу, 16 жасқа толмаған баланың қылмысы үшін ата - ананың жауап беретіні, жасалған қылмыстың түріне қарай қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылатыны туралы ескертілді. Сонымен қатар интернет алаяқтық, кибербуллингке тап болмау үшін сақтық шараларын назарда ұстау, бейтаныс сайттарға тіркелмеу керектігін айтты. Кибербуллингке тап болған жағдайда кімнен көмек алуға болатыны жөнінде ақпарат берді. Оқушылар сұрақтар қойып, өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.