Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Садыбеков Мақсат Тұрымханұлы, Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкері, полиция капитаны Кенжебеков Нұрлыбек, сондай-ақ ҚПБ, ҚҚБ, ЮПБ, УПИ қызметкерлері мен полиция аға лейтенанты Б. Жұбатовтың қатысуымен интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері таныстырылды. Атап айтқанда, фишинг (жалған хаттар мен сайттар арқылы жеке деректерді алу), вишинг (телефон арқылы өзін банк немесе құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстыру), смшинг (SMS арқылы алдау), зиянды бағдарламалар тарату, жалған интернет-дүкендер, онлайн танысу және инвестициялық алаяқтық түрлері туралы нақты мәлімет берілді.
Түсіндірме барысында интернет кеңістігінде сақтық таныту, жеке мәліметтерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу қажеттігі ескертілді. Интернет алаяқтықпен күресу үшін әрбір азаматтың цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтауы маңызды екені атап өтілді.