Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«IQ 100: Көшбасшылар» интеллектуалды ойыны 
2025 жылдың 2 қазан күні Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Жас маман – жаңа қадам» апталығы аясында «IQ 100: Көшбасшылар» атты зияткерлік ойын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілетін, логикалық ойлауын және көшбасшылық қасиетін дамыту арқылы білімін бекіту, өз ойын еркін жеткізе білуге және топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Ойынды ұйымдастырған жас мамандар - Әбдірахман Гүлсая мен Уәлиев Данияр.

Іс-шара барысында оқушылар түрлі логикалық тапсырмалар мен танымдық сұрақтарға жауап беріп, жылдам ойлау мен бірлесе шешім қабылдай алатынын көрсетті.

Бұл ойын жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті, білімді, әрі көшбасшы тұлға болып қалыптасуына бағытталған маңызды шара болды.