Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің облыстық ресурстық орталық маманы (Педагог-ассистент) Ашимова Гүлбанудың «Үй жағдайында баланың шығармашылығын дамыту» тақырыбында оқушымен ата-анаға кеңес беру мақсатында түзете-дамыту сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
Үй жағдайында қарапайым әрі қолжетімді материалдарды пайдалана отырып, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, қиялын жетілдіру, ұсақ моторикасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру және өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Ата-анаға кеңес:
Баланың шығармашылық жұмысына қызығушылық танытып, оны әрдайым қолдап, мадақтап отырыңыз
Баланың өз бетінше ойлануына және еркін жұмыс жасауына мүмкіндік беріңіз
Міндетті түрде нәтиже емес, баланың әрекетіне көңіл бөліңіз
Қарапайым тұрмыстық заттарды (қағаз сүлгі, күріш, мақта, т.б.) тиімді пайдалануға үйретіңіз
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз
Бірге жұмыс жасап, балаға үлгі болыңыз
Баланың жасаған жұмыстарын сақтап, көрнекі жерге іліп қою арқылы ынталандырыңыз
Мақта таяқшасымен “Бақ-бақ” суретін бояу
Мақсаты: Нүктелеу техникасы арқылы ұсақ моториканы дамыту, шыдамдылыққа үйрету.
Нұсқау: Бала ақ қағазға бақ-бақтың сабағын салады. Мақта таяқшасын бояуға батырып, нүктелеу әдісі арқылы гүлдің үлпілдек бөлігін жасайды.
Шиыршықталған қағаз сүлгіден “Ананас” суретін әрлеу
Мақсаты: Қол бұлшықеттерін дамыту, шығармашылық қиялын жетілдіру.
Нұсқау: Ананастың суретінің жиек сызығынан шықпай, шиыршықталған қағаз сүлгіні желім арқылы жапсырады. Жапырағын жасыл түспен бояйды.
Жұмыртқа қабығымен “Балапан” суретін әрлеу
Мақсаты: Табиғи материалмен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Нұсқау: Жұмыртқа қабықтарын ұсақтап, балапанның суретіне желім арқылы жапсырады, үстінен бояйды.
Шанышқымен “Арыстан”суретін бояу
Мақсаты: Ерекше тәсілдерді қолдану арқылы шығармашылық ойлауын дамыту.
Нұсқау: Арыстанның бет бейнесін салып, жалын шанышқыны бояуға батырып, бастыру әдісімен жасайды.
Күрішті жапсыру арқылы “Көбелек” жасау
Мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту, ұқыптылық пен төзімділікке үйрету.
Нұсқау: Көбелектің қанатын сызып, желім жағып, үстіне күріш жапсырады. Кейін бояйды.
Күтілетін нәтиже:
Баланың шығармашылық қабілеті дамиды
Қиялы мен ойлау жүйесі жетіледі
Ұсақ моторикасы қалыптасады
Өз бетінше жұмыс жасау дағдысы артады