Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының педагог-дефектологы Болтай Мадина Бекзадақызының ата-аналарға кеңесі
Үй жағдайында қол жетімді заттармен сенсорлық жаттығулар
Мақсаты:
• Қозғалыс белсенділігін арттыру, ұсақ және ірі моториканы жетілдіру;
• Зейін, есте сақтау, сөйлеу және әлеуметтік дағдыларды дамыту;
• Баланың өз-өзіне сенімділігін қалыптастыру және ата-анамен эмоционалдық байланысты күшейту.
• Күнделікті қарапайым жаттығулар арқылы қозғалыс координациясын жақсарту;
• Сенсорлық қабылдау мен тепе-теңдік сезімін дамыту;
• Тіл дамыту мен қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;
• Психологиялық жайлылық пен позитивті көңіл күй орнату.
Пайдасы:
• Денсаулықты нығайтады және қозғалыс белсенділігін арттырады;
• Нейропсихологиялық дамуды қолдайды (зейін, есте сақтау, ойлау);
• Эмоциялық тұрақтылық пен өзін-өзі бақылау қабілетін арттырады;
• Баланың әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі;
• Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты күшейтеді.
Ұсыныстар:
• Күн сайын 15–30 минуттан жүйелі түрде орындау;
• Әр жаттығуды ойын түрінде қызықты етіп ұйымдастыру;
• Баланы мақтау және жетістігін атап өту;
• Егер бала тез шаршаса - жаттығуларды қысқарту, бірақ жүйелілікті сақтау.