Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының педагог-логопеді Абдималик Әлия Адилбекқызының ата-аналарға кеңесі
Үй жағдайында мидың екі жарты шарын дамытуға арналған жаттығулар
Мақсаты: Баланың мидың оң және сол жарты шарының өзара байланысын дамыту арқылы сөйлеу, ойлау, қимыл-қозғалыс және есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
Когнитивтік даму . Бала тыңдаған ақпаратты тез қабылдайды, зейіні тұрақтанады.
Сөйлеу дағдысы. Сөздерді анық, дұрыс айта бастайды; сөйлем құрастыру жеңілдейді.
Қимыл-Қозғалыс. Екі қолды, дене бөліктерін үйлесімді қолдана алады.
Есте сақтау. Қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті жақсарады.
Эмоциялық жағдай. Өзіне сенімділік артып, көңіл күйі тұрақталады.
Нейрожаттығулар - СДВГ, аутистік спектр, сөйлеу және зейін бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеуде өте тиімді әдіс.
Керекті құралдар: түрлі - түсті қарындаштар, парақтар.
Ұсынылатын ұзақтығы:
Күніне 10–15 минут.
Аптасына 4–5 рет.
Ойын түрінде, еркін атмосферада өткізіледі.