25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай, Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға онлайн кеңістіктегі қауіптер, цифрлық зорлық-зомбылық түрлері, кибербуллингтен қорғану, жеке деректерді сақтау және қауіпсіз интернет мәдениеті жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.
Шараға Қызылорда облыстық Полиция департаменті, Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Сайғондыққызы Замира қатысып, цифрлық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жүргізді.
Сонымен қатар, Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция лейтенанты Б. Жубатов жасөспірімдерге кеңес беріп, интернеттегі қауіпке тап болған жағдайда қайда және қалай хабарласу керектігі жөнінде ақпараттық нұсқаулықпен бөлісті.
Іс-шара әйелдер мен қыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз онлайн орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Қатысушыларға пайдалы ақпарат ұсынылып, маңызды мәселе жан-жақты талқыланды.