Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қаңтар айының 19 күні 3 - сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімі Мұханова Сымбат "Бастау" олимпиадасы негізінде " Қызықты қазақ тілі әлемінде" атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: 

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету;
2. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру; 
3. Топпен жұмыс жасай отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу; 
Сайыста *" Тіл білгірлері"*, *" Тіл жанашырлары"* болып 2 топқа бөлінді. 

Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 

**1 кезең*: " Сәтті мүмкіндік " бұл кезеңде оқушыларға қазақ тілінен сұрақтар берілді. 

*2 кезең* " Қас-қағым сәт" бұл кезеңде қазақ тілінен логикалық сұрақтар берілді. 

*3 кезең*" Ұшқыр ой". Бұл кезеңнің шарты бойынша топтарға ұяшықтар таңдау арқылы жұмбақтар берілді. Жұмбақ жауабы 3 тілде айтылуы қажет. 

*4 кезең:*" Талапкер" сайысқа қатысушы  2 топқа өлең жолдары берілді. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, топпен өлең құрастыруы қажет. Топтардың құрастырған өлеңдері ұйқасқа қарай бағаланды. 
Сайыс қорытындысы бойынша *"Тіл жанашырлары"* тобы оза шауып, жеңімпаз атанды.