Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 10–11 сынып оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қаржы сақшысы» атты танымдық әрі қызықты ойын ұйымдастырылды.

Ойынның басты мақсаты – оқушыларды күнделікті өмірде кездесетін қаржылық жағдайларды дұрыс түсінуге, ақшаны тиімді басқаруға және саналы шешім қабылдауға үйрету.

Іс-шара барысында қатысушылар жеке және отбасылық бюджет құру, табыс пен шығынды жоспарлау, қаржылық қауіп-қатерлерден сақтану, жинақ пен үнемдеудің маңызын түсіну сияқты маңызды тақырыптар бойынша білімдерін толықтырды. Жас ұрпақтың қаржылай сауатты болуы – өз мүмкіндігін дұрыс бағалап, жауапты шешім қабылдай алатын,

болашағына сенімді қадам жасайтын тұлға болып қалыптасуының берік негізі.