Бүгін 22.01.2025 күні Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп - тексеру департаменті мамандарының қатысуымен қаржылық қауіпсіздік мәселелері жөнінде іс-шара өтті.
Аталған іс-шара 28 қаңтар -қаржылық мониторинг агенттігінің құрылған күні қарсаңында өтіп отыр.
Шараның негізгі мақсаты: мектеп оқушыларына қазіргі уақытта кең тарап келе жатқан қаржылық алаяқтық пен цифрлық гигиена ұғымдарын түсіндіру болатын.
Мектеп - лицей оқушыларына Қызылорда облыстық экономикалық тергеп - тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Оралбаева Майра Тұрлыбекқызы алаяқтар делдалдарды олар арқылы немесе олардың шоттары арқылы алданған азаматтардан алынған ақшаны аудару үшін пайдаланатындығын, кейде дроппер өзі қылмыстың серіктесі екенін білмеуі мүмкін болатынын айтты. Сондықтан бейтаныс адаммен әлеуметтік желіде сөйлеспеу керектігі, жеке мәліметтерді, есепшотты айтпау керектігін ескертті.
Тергеуші маман оқушылардың «Дропперлер деген кім? Неліктен бұл қауіпті?» деген сұрақтарға жауап берді.