«Қауіпсіздік - басты назарда!»
Бүгін мектебімізде 4 “О” сынып оқушыларымен *«Жолда жүру ережесін білейік, аман-есен жүрейік!»* тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін үйретіп, сақтықпен жүру дағдыларын қалыптастыру.
Шара барысында балалар жаяу жүргіншілерге арналған белгілермен танысып, бағдаршамның түстері мен олардың мәнін, жолда жүру тәртібін қайталады. Түрлі жағдаяттарды талқылап, сұрақтарға белсенді жауап берді. Көрнекі суреттер мен бейнематериалдар арқылы оқушылардың қызығушылығы артты.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз! Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы жас ұрпаққа жолда жүру мәдениетін ерте жастан сіңіру – болашақ үшін маңызды қадам. Іш-шараға қаламыздың полиция лейтенанты Әскерұлы Бағдаулет келіп оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізді. Оқушылар бірнеше сұрақтарын қойып, түсінікті деңгейде жауаптарын алды.